Парасатты көзқарас
Темекі өнімдері қатаң ережелермен реттеліп, бақылауға алыну қажеттігіне ешқандай күмән жоқ. Қоғамдық денсаулықты сақтауда үкіметтің басқаруына және көшбасшылық рөліне құрметпен қараймыз.
Кейбір кезеңдерде ережелерге қарсы шығуға мәжбүр болдық. Мысалы, темекі қорабындағы бренд белгісі алынып, бір-біріне өте ұқсас өнімдер ішінен таңдауға тұтынушыларымызды мәжбүрлеу. Қораптың қарапайым қапталуы ересек темекі тартушылардың өз таңдауын жасауға кедергі болатындықтан, оларға деген орынсыз қарым-қатынас ретінде танимыз. Және темекіге тиым салу - темекі тартушыларға және жалпы қоғамға айтарлықтай ықпал етеді.
Темекі бизнесін жан-жақты реттеу орын алғанда мынандай сұрақ туындайды: әлі күнге дейін темекі тартатын миллиондаған адамның мұқтаждығына бағытталған қандай жоспар бар?
Біздіңше, бұған жауап - өнім және саясат инновациясы. Біз түтіннен азат болашақ қалыптастыруға жұмыс жасағандықтан, басым бағыттарымыз өзгеруде. Біз және басқалар дамытқан технологиялар темекі және никотин нарығын болашаққа жетелеп, темекіні зияндылығы аз, қанағаттандыратын, түтінсіз баламалармен алмастыруға мүмкіндік береді. Осы орайда, түтінсіз өнімдердің қауіптілікке негізделген саналы саясатын темекіге қарсы шектеулермен ұштастыра жүргізу, қарапайым қораппен қаптау немесе дәстүрлі реттеудің басқа да шараларына қарағанда, темекі тартудан болатын зиянды әсерді азайтуда тиімді және жылдам нәтиже бере алады.
Нақтырақ айтқанда, темекі тартуды бастамауға, темекіні тастауға арналған ережелер одан әрі жетілдірілуі қажет. Қалай болғанда да, миллиондаған әйел мен ерлер темекі тартуды жалғыстыратындығы анық, сондықтан, олардың жақсырақ баламаға ауысуына мүмкіндік беруіміз қажет.