Біздің мақсатымыз темекі тартушыларға жақсырақ таңдау ұсыну
Біз никотинді темекінің зиянды түтінісіз жеткізетін және тұтынушыларды қанағаттандыратын өнімдер дамытып, сынаудамыз. 2008 жылдан бастап, >12.5 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы салып, 1,586 әлемдік үздік ғалым, инжeнер және техниктерді жұмыспен қамтудамыз.
Mиллиондаған тұтынушы біздің алғашқы темекі түтінісіз өнімімізді таңдады. Біздің басым бағытымыз айқын. Бұл - жүздеген миллион ересек темекі тұтынушылардың ұзаққа созылған темекі тарту әдетін зияндылығы аз баламалармен мүмкіндігінше жылдам уақытта ауыстыру.
Бұл жаңа өнім бұрын соңды темекі тартып көрмеген немесе темекі тартуды қойған адамдарға емес, тек ересек темекі тартушыларға арналған.
Темекі тартушылардың басым көпшілігіне арналған жақсырақ, қанағаттандыратын баламалы өнімді ойлап табудамыз.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының мәліметтері бойынша, темекіні тастауға арналған шараларға қарамастан, 2025 жылы миллиардтан астам адам темекі тартатын болады. Темекіден бас тартудың алмастырғышы болмаса да, біз темекі тартудың баламасын насихаттасақ, қоғамдық денсаулыққа зор ықпал жасай аламыз деген сенімдеміз.
Сол себептен ересек темекі тартушыларды қанағаттандыратын және темекімен салыстырғанда қаупі аз балама өнімдерге үлкен инвестиция жасаудамыз.
Зияндылығы аз темекінің баламасын жасау
Біз темекіні алмастыруға мүмкіндігі бар жаңа өнім жасаудамыз. Бұл өнімді жасауда біз жануды (немесе тұтануды) талап етпейтін және құрамында никотині бар дәмді әрі қанағаттандыратын бу (түтіннің орнына) шығаратын технологияларды қолданамыз.
Осы озық өнімдердің барлығын біз ересек темекі шегушілердің қолдана бастауы үшін арнап жасаймыз.
Сенімді ғылым және қатаң сынақ
Біздің бүкіл Зерттеу және Даму ұйымымыз әлемнің түкпір-түкпіріндегі ересек темекі тартушыларды қанағаттандыратын және темекімен салыстырғанда зияндылығы аз өнім жасауға назар аударады.
Біз өзімізге жоғары ғылыми стандартты мақсат етіп қойып, қатаң сынақ бағдарламаны басшылыққа аламыз. Сoнымен қатар, біздің ғылыми нәтижелерімізді бағалау үшін тәуелсіз бағалауды шақырамыз.