Зияндылығы аз темекінің баламасын жасау
Темекі түтіні темекінің табиғи құрамдасы никотиннен және көптеген зиянды заттардан тұрады. Никотин емес, осы токсиндер темекі тартуға байланысты аурулардың басты себебі болып табылады. Біз құрамында никотин және темекі тартушыларды қанағаттандыратын дәмі бар, бірақ түтін шығармайтын темекіге балама өнімдерді шығарудамыз.
Біз темекінің жануын (тұтануын) болдырмайтын өнімді жасаудың екі жолына назар аударамыз. Біріншісі - темекіні қыздыру арқылы никотині бар дәмді бу шығарып, будың құрамындағы зиянды заттарды едәуір азайту. Басқа жолы - темекіні қолданбай, құрамында никотині бар бу өндіру. Және бұл - бастамасы ғана.
Қыздырылған темекі өнімдері
Қарқынды зерттеу мен дамытудың нәтижесінде, біз IQOS және TEEPS қыздырылатын темекінің екі озық өнімдерін жасадық. Бұлардың әрқайсысы темекіні өзгеше әдіспен қыздырады.
Қарқынды дамыған электроника арқасында IQOS арнайы дайындалған темекіні 350°C-қа жуық температураға дейін қыздырып, жану, өртену, күл немесе түтін шығармайды. Бұл құрамында никотині бар бу өндіріп, қызған темекінің шынайы дәмін береді. Жану үрдісі болмағандықтан, темекі түтінімен салыстырғанда, зиянды заттар мөлшері айтарлықтай аз. Сондықтан, IQOS темекі тартушыларға арналған түтінсіз өнім бола отырып, бүгінде миллиондаған тұтынушы бұған бет бұрды.
Темекі қыздыру IQOS жүйесі екі нұсқада қол жетімді. Біріншісі үш негізгі құрауышпен жұмыс жасайды олар: темекі таяқшасы (HEETS немесе HeatSticks деп аталады), IQOS құрылғысы және қуаттау құрылғысы. Екінші нұсқасы қыздыру және қуаттау құрылғысын біріктіріп бірнеше мәрте қатарынан пайдалануға мүмкіндік береді.
Екеуі де бірдей жұмыс жасайды: тұтынушы темекі таяқшасын құрылғыға салады, онда ол электрондық кыздырғыш ұстараның жүзімен қыздырылады. Таяқшаны пайдаланғаннан кейін тұтынушы оны құрылғыдан алып қоқыс жәшігінде қауіпсіз кәдеге жарата алады. Қажет болған жағдайда тұтынушы құрылғыны қуаттау құрылғысына салып қуаттап алуына болады.
IQOS құрылғысына ұқсас, TEEPS шынайы дәм шығару үшін темекіні қыздырады. Бірақ, TEEPS темекі дәмі мен никотинді темекі жапырағынан шығару үшін қыздырудың баламалы көзін қолданады: бұл көмірмен қыздырылады және, темекі болмағанымен, түрі мен дәмі темекіге ұқсайды. TEEPS құрылғысының ұшындағы көмірмен қыздыру көзі тұтанады. Содан кейін қызу арнайы өңделген темекі тығынына өтеді. Тұтынушы никотин бар буды TEEPS арқылы ішке тартады. Патенттелген TEEPS құрылғысы темекі жануын болдырмайды.
Темекісіз өнімдер
Сонымен қатар біз екі өнімдік қоймалар жасаудамыз олар темекі шикізатынан емес, никотиннен тұрады. Қойманың екеуі де темекі жапырағынан алынған никотинді пайдаланады. Бұл шылымдық емес өнімдер құрамында никотині бар буды әртүрлі әдіспен шығарады.
Өнімнің бірі бу шығару үшін никотин мен дәмдеуіштері бар е-сұйықтықты қыздырады. Осы өнім түріне Ұлыбританияда сатылатын Vivid Nicocig өнімдері. Бұған е-вейп өнімінің келесі буыны MESH өнімі де жатады.
IQOS MESH қыздыру технологиясында кішкентай тесіктері бар металл торы пайдаланады ол алдына ала толтырылған капсуладағы VEEV деп аталатын сұйықтықты қыздырады, бұл сұйықтық құрамында бу шығаратын никотин және иістендіргіштер бар. Әр VEEV капсуласында өз MESH қыздырғышы бар, сондықтан оны қолымен ауыстырудың қажеті жоқ.
IQOS MESH қыздыру жүйесі арқасында демді ішке алу кезінде қызады және сұйықтық денгейінің төмендігін белгілейтін жүйе арқылы жұмыс жасайды, ол пайда болатын және жұтатын будың тұрақтылығымен сапасын қамтамасыз етеді.
Басқа өнім түрі 2011 жылы сатып алынған технологияға негізделіп жасалынды. Осы санаттағы өнімдер темекі және жанусыз темекі шегудің сезімі мен салтын қайталайды. STEEM, электронды темекіге қарағанда, никотин тұздары түрінде никотині бар бу шығарады. Тұтынушы мүштікті тартқанда, никотин (әлсіз негіз) және әлсіз органикалық қышқыл арасында реакция пайда болып, құрамында никотин тұзы бар бу түзіледі.