Үздік ғылыми зерттеу және даму
Біздің Ғылым және Даму ұйымымыз әлемнің түкпір-түкпіріндегі ересек темекі тартушыларды қанағаттандыратын және, темекімен салыстырғанда, зияндылығы аз өнім жасауға бағытталған. Біз алдымызға жоғары мақсаттар қойдық және біздің қызметімізбен танысу үшін нысандарымызға келуге шақырамыз.
Біз әдістемеміз бен тапқан жаңалықтарымызды ғылыми эксперттермен және реттеушілермен рецензияланатын ғылыми журналдарда мақала жариялау, ғылыми конференцияларда баяндама жасау және PMIScience.com веб-сайтында жариялау арқылы бөлісеміз.
Біздің клиникалық зерттеулеріміздің барлығы ClinicalTrials.gov парақшасында тіркелген. Сондай-ақ, біз ғылыми нәтижелерімізді бағалау үшін тәуелсіз бағалауды шақырамыз.
Қауіптілікті Төмендетуді Бағалау
Біздің тәуекелі төмен өнімдеріміз (ТТӨ)1* бір күні темекілерді алмастырады. ТТӨ-не көшу - ұзақ мерзімді темекі тартумен салыстырғанда - аурудың қауіптілігін айтарлықтай төмендететіндігін көрсету үшін біз қатаң ғылыми бағалау бағдарламасын жүзеге асырудамыз. Бұл бағалау токсикологияда кеңінен қолданылатын тәжірибені, сонымен қатар, қауіптілікті бағалаудың инновациялық жүйелі токсикологияға негізделген әдісін қолданамыз.
Сонымен қатар, бұл алғашқы өнімді дамытудан бастап, осы өнімдердің нарыққа шыққаннан кейінгі уақытта да зияндылықты төмендетудегі әсерін ұзақ мерзімді бақылап, клиникалық сынаққа дейінгі зерттеулерді қамтиды.
Біздің бүгінгі ғылыми жаңалықтарымыз
Біздің ең жетілдірілген баламалы түтінсіз өнімімізге, Темекі Қыздыру Жүйесіне (ТҚЖ)2, өткізіліп отырған зерттеулеріміз қарқынды даму үстінде. Бұларға сәйкес, ұзақ мерзімді темекі тартушылармен салыстырғанда, ТҚЖ-не толығымен ауысқан ересектерде зияндылықты азайту мүмкіндігі бар екені анықталған.
Ретімен қолданғанда, ТҚЖ тұтану немесе түтін шығармайды. Зертханалық сынақтардың нәтижесі бұл өнім аэрозолінің зиянды немесе ықтимал зиянды құрамдастарының (ЗЫЗҚ) аз деңгейде екендігін және, темекіге қарағанда, уыттылығының аздығын көрсетеді. Сонымен қатар, зерттеулердің нәтижесі темекі тартатындардың ТҚЖ өніміне толық ауысуына айтарлықтай әлеует бар екенін және ешқашан темекі тартпаған және темекіні тастағандардың ТҚЖ өнімін елемеуін көрсетеді.
Сондай-ақ, біз тапқан жаңалықтарымызды тәуелсіз бағалауға ықтиярмыз. Біз рецензияланатын ғылыми журналдарға мақалаларымызды жариялап, біздің ғылымымыздың тәуелсіз зерттеу есебін талдап және нәтижелерді тексеру үшін краудсорсингті кеңістікті іске қостық.
2 Америка Құрама Штаттарынан тыс жерде ТҚЖ IQOS атымен сатылады.